- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маған ана дүниеге...
"Маған ана дүниеге асықсаңызшы деді". Әнші Саят Медеуовты алаңдатып жүрген не нәрсе?
Әнші Саят Медеуов өмірінде орын алған қызық оқиға туралы айтты. Бұл туралы өнер иесі Нартай Аралбайға берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менің көп жерде айтатын сөзім бар. Қадіріңмен көрге бару. Қадірлі болып көрге бару, көрге жету адамзаттың парызы. Айналаңа қадірлі болу. Бірақ біз сол парызды орындамаймыз ғой. Қателік көп қой бәрімізде. Менде де жеткілікті. Өлімге дайындалып жүрген жоқпын ол жәй ғана сөз. Бір күні қызық болды. Алматы қаласында бір көшеден төмен түсіп келе жаттым. Жолда екі жігіт тұр екен. Олар маған қарап бірден сұрақ қойды. "Намаздасыз ба"- деді. Мен бірден шындықты айттым. "Жоқ"- дедім. "Ана дүниеге асықсаңызшы деп қайырды сөздерін",-дейді әнші.
© видеодан алынған кадр
"Енді олар да дұрыс айтқан жоқ. Содан мен де жігіттер мен асығып отырған жоқпын. Егер сендер асықсаңдар қызылға өтсеңіздерші, бірден барасыздар дедім. Менің ана дүниеге барғым келмейді. Ұл өсіру керек, қыз өсіру керек. Шама келіп, қолдан келгенше жақсылық жасау қажет қой. Жақсылық қолдан келсе жаса, қолыңнан келмесе онда жамандығыңды тигізбе", - дейді Саят Медеуов.
Айта кетейік, бұған дейін әнші жол апатына қалай түскенін баяндап берген болатын. Ол туралы ақпаратты осы жерден оқып біле аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Е. Ерболұлы