"Өзіміздің ақымақтық қой". Әнші Саят Медеуов жол апатына қалай түскенін айтты

"Өзіміздің ақымақтық қой". Әнші Саят Медеуов жол апатына қалай түскенін айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Әнші Саят Медеуов жол апатына түскен сәтті есіне алды. Бұл туралы өнерпаз Нартай Аралбайға берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі жол апатына түскенде қатты қиналғанын және далада оянғанын жеткізді.

"Апатқа түскенім де дұрыс болды. Себебі жанымдағы жігіт ұйықтап кетті. Мен ауруханада жатқанда "Егер менің апатқа түсуім елге сабақ болса, мен қуаныштымын. Апатқа түскенім дұрыс болды" дедім. Себебі ұйықтап кетіп жолға шығу, шаршап отырып жолға шығу дегенді тоқтатуымыз керек. Сол үлкен сабақ шығар. Апатқа түскенде, далада ояндым. Қимыл бар, отырмын. Біз ұйықтаймыз деп келіскенбіз ғой. Жанымдағы туысым бір жерге жетіп алу үшін ұйықтамай жүре берген. Жолда қалғып кеткен. Өзіміздің ақымақтық қой. "Біреуге кесірімізді тигіздің ғой. Ұйықтауың керек еді ғой" деп айттым. Ол кезде кімді қақтық, не қақтық білмеймін. Бір жедел жәрдем тұр. Сол сәтте есімді білер-білмес отырдым-ау деймін. Көлікпен соқтығысқанбыз. Олар аман, шүкір! Біз кінәліміз ғой, ұйықтамағанбыз. Бауырды кешірмей қайда барамыз?", - деді Саят Медеуов. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы