Түркістан облысында тұрғынға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Леңгірде екі белгісіз адам түнгі уақытта жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын салып, телефонын алып кеткен.
Оқиға орнынан түсірілген видео бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын.
"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктілерді және олардың орналасқан жерін анықтады. Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталды - еск.). Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде "Леңгір қаласында бетперде таққан бірнеше адам жеке үйге басып кіріп, әйелді таңға дейін ұрып-соғып, азаптағаны" туралы ақпарат тарады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!