Желіде жантүршігерлік видео тарады: Леңгірде бірнеше адам үйге басып кіріп, әйелді азаптаған

Желіде жантүршігерлік видео тарады: Леңгірде бірнеше адам үйге басып кіріп, әйелді азаптаған
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында болған жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, "Леңгір қаласында бетперде таққан бірнеше адам жеке үйге басып кіріп, әйелді таңға дейін ұрып-соғып, азаптаған".

Полиция не дейді?

Түркістан облысы Полиция департаменті мәліметінше, Леңгір қаласында шабуыл жасау дерегі бойынша соталды тергеу басталған.

"Алдын ала мәлімет бойынша түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен.  Қазір әйелдің жағдайы тұрақты және оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция редакцияға берген жауабында.

Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, барлық жайтты анықтап жатыр.

Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget