- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында оқушы...
Қызылорда облысында оқушы аяусыз соққыға жығылды: аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді
Қызылорда облысында жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасына байланысты Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Кемшілікті ескермеген Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Өзге де тиіс мамандардың жауапкершілігі қаралады", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет.
Облыстық білім басқармасының басшысы аудан әкімімен бірге жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, мұғалімдермен кездесу өткізді. Онда тәртіп пен тәрбие мәселелері талқыланды.
Еске салайық, Қызылорда облысы Қазалы ауданында 6 сәуірде екі мектеп оқушылары арасында жанжал туындаған. Оған байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы оқиғаға байланысты ІІМ-ге аудандық полиция бөлімінің бастығын қызметінен алу жөнінде ұсыныс жолданды. Тағы 10 қызметкер қатаң сөгіс, сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Кейін дәрігерлер мен журналист Үйтолған Жареке жасөспірімнің жағдайы туралы айтты. Бүгін жасөспірімді соққыға жыққан күдіктілер анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек