"Бала тірі". Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірім туралы жаңа деректер айтылды

"Бала тірі". Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірім туралы жаңа деректер айтылды

Желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған болатын. Журналист Үйтолған Жареке жасөспірімнің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бала жансақтау бөлімінде жатыр.

"Бала тірі. Бірақ реанимацияда. Аяусыз тепкіден кейін алдымен аудандық ауруханаға түседі. Қуандық - спортшы, таэквондошы. ...Мына жерде күшті дәрілердің күшімен ғана отыр. Ауырсынуды сезбеген. Кейін теміржол ауруханасына ауыстырылғасын жансақтау бөліміне түскен. Жағдайы ауыр. Тепкілеген балалар әлі қамалған жоқ", - деп жазған ол.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған болатын. Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген. Олар жігітке "ұйықта" деп тепкінің астына алған. Кейін дәрігерлер Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайын айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 15 жастағы студент жедел жәрдеммен ауруханаға 6 сәуірде жеткізілген. Ол бас-ми жарақатын алған.

Бұл дерек Қазалы аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тіркелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова