Көптеген қазақстандық бір уақытта екі жұмыс орнында істегені еңбек шартын бұзады деп ойлап, негізгі бастығынан бұл деректі жасырып жүреді. Заң бойынша бір уақытта бірнеше ұйымда жұмыс істеу дұрыс па? Massaget.kz тілшісі анықтады.
"Право знать" Telegram-арнасының авторы Надежда Гельдттің айтуынша, ҚР Еңбек кодексінде "қоса атқару" ұғымы бар. Бұл ұғым қызметкердің негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шарты талаптары сай қосымша тұрақты ақы төленетін жұмыста істеуін қарастырады.
Толық емес жұмыс күнінің негізгі белгілері:
Сонымен қатар, қосымша жұмыстың еңбек шартында бұл "толық емес жұмыс күні" құжаты екенін көрсету қажет. Қорытындыдан кейін жұмыс беруші жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Қоса атқару жұмысын істеуге 18 жасқа толмаған, ауыр, еңбек жағдайы зиян және (немесе) қауіпті жұмыста істейтін адамдарға болмайды.
Қызметкер екінші жұмыс берушімен еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттың негізгі тізбесінен басқа, негізгі жұмыс орны (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) бойынша еңбек сипаты мен жағдайы туралы анықтама ұсынуы керек.
Негізгі және қоса атқаратын жұмыс бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық уақыты стандартты 8 сағатқа тең нормадан 4 сағаттан артық болмауы тиіс. Егер қызметкер негізгі жұмыс орнында толық 8 сағаттық жұмыс күнін өтесе, екінші жұмыстың ұзақтығы 4 сағаттан артық белгіленбеуі керек.
Яғни, қызметкер күніне 12 сағаттан артық жұмыс істей алмайды.
Қосымша жұмыс істейтін қызметкерге ҚР Еңбек кодексінің демалыс және ауру демалыстарын төлеуге қатысты норма толық көлемде қолданылады. Аурухана қызметкерімен жасалған әрбір еңбек шарты бойынша есептеліп, жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жұмыс орнындағы демалыспен бір мезгілде болуы шарт.
ҚР Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартына сәйкес қоса атқару шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерді жұмыстан босата алады. Қосымша еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төленеді.
Сондай-ақ, қоса атқару менен лауазымдарды біріктіруді шатастырмау керек. Лауазымдарды қоса атқарған кезде қызметкер негізгі жұмыспен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты істейді. Мысалы, адвокат менеджер болып жұмыс істеп, екі лауазымды біріктіре алады. Біріктіру кезінде жұмыс істеген уақытты есептелмейді. Қызметкер лауазымдарды біріктіру кезінде еңбек шартын емес, қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасайды, ал қосымша жүктеме үшін жалақы емес, негізгі лауазым бойынша жалақыға қосымша ақы алады.
Айта кетейік, егер екінші жұмыс беруші еңбек шартын жасаудан бас тартса, бұл заңнаманы бұзу болып есептеліп, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
Еске салайық, бұған дейін қандай мамандықтар миды тез қартайтатынын хабарлаған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанға жылына қанша шетелдік турист келеді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!