Қандай мамандықтар миды тез қартайтады?

Қандай мамандықтар миды тез қартайтады?
Фото: pixabay.com

Жаңа зерттеудің авторларының бірі, профессор Вегард Скирбекк командасының жұмысы аулақ болу керек мамандықтарды анықтап қана қоймай, физикалық белсенділік парадоксын растағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Men Today-ге сілтеме жасап.

Зерттеудің мәліметіне сәйкес, орташа немесе жоғары физикалық белсенділікпен байланысты кәсіпте үздіксіз жұмыс істеу есте сақтау, кеңістіктегі бағдарлау сияқты ми жұмысы сипаттамаларының бұзылу қаупін арттырады.

Интеллектті бұзып, мидың тез қартаюын тудыратын мамандықтардың тізімі:

  • кіші медбике,
  • фермер,
  • мал бағушы,
  • тәрбиеші,
  • сатушы.

Ғалымдар HUNT4 70+ бағдарламасының 7005 қатысушысының деректерін талдады, бұл деменция бойынша әлемдегі ең ірі популяциялық зерттеудің бірі. Бұл топтың 902-сіне деменция диагнозы қойылды, ал 2407-де жеңіл когнитивті бұзылулар болған.

Бұл мәселені зерттеген топ физикалық ауыр жұмыс істейтін адамдарда деменцияның даму ықтималдығы шамамен 15,5 пайызға, ал кәсіптік жаттығулары төмен адамдарда 9 пайызға жоғары екенін анықтады. Сатушы мен санитарларға қатысты (кіші медбикелер мен күтушілер) жүйке жасушаларының бұзылуына әкелетін себеп:

  • тәуелсіздіктің болмауы,
  • немі аяқта тұру,
  • жұмыс кестесі,
  • стресс,
  • эмоционалды күйіп кету қаупі жоғары.

"Бос уақытта спортпен шұғылдану когнитивті функцияны жақсартады. Ал жұмысқа байланысты физикалық белсенділік когнитивті нәтиженің нашарлауына әкелуі мүмкін", - деді ғылыми жұмыстың бас авторы Sun басылымына берген сұхбатында.

Зерттеу Норвегияның ұлттық қартаю және денсаулық орталығы және Колумбия университетінің Батлер қартаю орталығымен бірлесіп жүргізілді, оның нәтижелері Lancet ғылыми басылымында жарияланды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Балдыз қалың деген не?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә