"Таңшолпан" бағдарламасында келген бірқатар әншілер өздеріне айтылған сынға қалай қарайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүркіт
© instagram.com/berkut_aibekjan
Әнші Айбек Жансейітов көптеген керағар пікір жазылатынын, бірақ мән бермеуге тырысатынын айтты.
"Менің уақытым жоқ. Егер сындарға уақыт бөліп отыратын болсақ, қазіргі заманғы алтын уақытымызды құртып аламыз. Бос уақытымыз болса бала-шағамыз бар. Осылармен бірге уақыт өткізіп, кітап оқимыз. Бос уақытта жаман пікірлерге емес жақсы жұмыстарға арнаймыз", - дейді Бүркіт.
Ұланғасыр Қамиев
© instagram.com/ulangasyrqamiev
"Сенің істеп жатқан жұмысыңды көрмейді, тіпті оны өзі де істемейді. Бірақ сын жазады, мен сондайларға арнайы отырып, барлығына жауап беремін", - дейді Ұланғасыр Қамиев.
Айдай Исаева
© instagram.com/aidai_issayeva
"Қазақ аруы" жобасының президенті Айдай Исаева кейінгі кездері көп сыни пікір айтылып жүргенін жеткізді. Тіпті өзіне келген хаттардан анасының көңілі түсетін көрінеді.
"Менің анам осы сыни пікірлер үшін бір апта ұйықтаған жоқ. Қалай сенің қасықтап жинаған абыройыңды осылай төгіп, сені айыптайды. Бірінші күні қолым дірілдеді, екінші күні өзімді қолға ала бастадым. Анамды тыныштандырдым, "уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады" деп жұбаттым", - дейді Айдай Исаева.
Мирас Жүгінісов
© instagram.com/zhugunussov.mj
Жастардың хитменіне айналған Мирас Жүгінісов мектеп кезінде сынға көп қалғанын айтты.
"Менің кішкентай кезімнен шашым ұзын болды. Мектепте, көршілер, достарым барлығы маған "қыз сияқтысың" деп тиісетін. Бастысы өзіме ұнайды, егер өзіме не ұнаса, мен соны жасайтын адаммын", - дейді Мирас Жүгінісов.
Айта кетейік, бұған дейін әншілер Желідегі қандай пікір үшін ашуланғаны туралы жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!