Қытайдың экономикалық өндіріс көлемі бойынша төртінші ірі қаласы Гуанчжоуда COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд деңгейге жетті , - деп хабарлайды CNFIN.
Портал мәліметінше, қалада тәулігіне 2 мың жағдай анықталған. 19 миллион халқы бар қала билігі тұрғындарды мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар, жаппай тестілеу жүргізіліп жатыр. Гуанчжоудың көптеген ауданында коронавирус шектеулері бар. Қытайда кейінгі тәулікте 8,8 мың вирус жұқтырған адам бары анықталған.
Deutsche Welle мәліметінше, Қытай Тұрақты комитетінің өкілдері президент Си Цзиньпиннің "нөлдік COVID-19" саясатын ұстануға уәде берген.
"Біз адамдардың өмірі мен денсаулығын барынша қорғаймыз және эпидемияның экономикалық, әлеуметтік дамуға әсерін барынша азайтамыз", - делінген комитет мәлімдемесінде.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда әлемдегі ең ірі iPhone зауыты карантинге жабылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!