Қытайда 10 сантиметрлік құйрығы бар ерекше сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Metro"-ға сілтеме жасап.
Қытайлық дәрігер Ли сирек кездесетін жағдайды бөлісті. Ол жаңа туған сәбидің құйымшағында орналасқан құйрыққа ұқсайтын 10 сантиметрлік өсіндіні көрсетті. Оның айтуынша, бұл ауытқу ұрықтың дамуындағы бұзылыс салдарынан болуы мүмкін.
Дәрігер сәбиде байлаулы жұлын синдромы деп аталатын жағдай болуы мүмкін екенін айтты. Бұл бұзылыс адамның қозғалысының шектелуіне әкелуі мүмкін. Әдетте, жұлын омыртқа каналының ішінде еркін қозғалады, бірақ бұл синдром кезінде ол бекітіліп, еркін қозғала алмайды.
Бұл Қытайдағы бірінші жағдай емес.
2014 жылы бес айлық Нуо Нуо омыртқа жырығымен дүниеге келген. Бірнеше күннен соң сәбидің анасы балада құйрық өсе бастағанын байқаған. Әйел жаңатүзілімді кесіп тастау үшін хирургтар көмегіне жүгінген. Алайда мамандар балаға ота жасаудан бас тартқан, себебі құйрық сәбидің жүйке жүйесімен байланысты болған және оны алып тастау қайтымсыз зақымға әкелуі мүмкін еді.
Оқи отырыңыз: Бауыр ауруының айқын 4 белгісі