Сайтымызда жарық көрген "Қытай үйі, Орыс шіркеуі. Алматыдағы муралдарда қандай идеологиялық мән бар?" атты мақалаға орай Алматы қаласы әкімдігі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әуезов ауданының "Жетісу-2" шағын ауданында декоративті безендірілген тоғыз қабатты үйлердің құрылысы 1988 жылдан 1992 жылға салынды. Құрылыс салушы Алматы үй құрылысы комбинаты еді. Сол кезде құрылыс салушының жобасы бір типтегі панельдік үйлердің құрылысы үшін сынға ұшырады. Ғимараттардың сыртқы келбетін жақсарту мақсатында сол уақытта сәулетшілер дүниежүзілік сәулет мұрасынан тақырыптық декоративтік дизайн жасау жайлы шешім қабылдады. Декоративтік безендіру ғимараттардың тірек құрылымдарына орнатылған бетон панельдерден жасалған. Дизайнның бұл түрі кейінгі кеңестік кезеңнің архитектуралық мұрасы болып табылады. Ғимараттардың сыртқы түрін жоюдың қажеті шамалы, өйткені салынғанына 35 жыл болған "Жетісу - 2" шағын ауданындағы үйлердің қасбеті тарихимыздың бір бөлшегі" делінген берілген жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!