Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз

Ағзаға пайдалы болу үшін қыста қалай дұрыс ұйықтау керек? Бұл сұраққа Аif.ru-ге терапевт Дмитрий Карпенко жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауаны ылғалдандыру

Қыс мерзімінде жылыту маусымы басталатындықтан, үй ішіндегі ауа қатты құрғап кетеді. Ол ұйықтап кетуге жағымсыз әсер етеді. Сондықтан қыста ауа ылғалдандырғыш құралдар қолданған дұрыс.

Ұйықтар алдында серуендеу

Қыста физикалық жүктеме де салыстырмалы түрде аз болады. Көпшілік адам күн суықта жаяу жүрудің орнына көлікпен жүргенді жөн көреді. Жарық күннің қысқа болуы да адамдардың көбіне үйде отыруына әкеледі. Оның барлығы ұйқы сапасының төмендеуіне өз септігін тигізеді. Сондықтан ұйықтар алдында серуендеп келген пайдалы. 

Демалыс күндері көп ұйықтамау

Әдетте адамдар жұмыс күндері ұйқысы қанбайды да, демалыс күндері соның орнын толтыру мақсатында көп ұйықтайды. Алайда бұл тиімсіз. Керісінше, режимді бұзбау керек. Ең дұрысы - жұмыс күндері мен демалыс күндері бір уақытта жатып, бір уақытта тұру. Алайда мамандар күнде 7 сағаттан кем ұйықтамауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: Демалыс күндері демалуға кедергі келтіретін 7 қателік

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!