Қыстың адам денсаулығына пайдасы мол. Алайда бұл мезгілде жылы киініп жүру маңызды. Суық ауа райында кию керек маңызды нәрсенің бірі – бас киім. Оның себебін Tengri Life түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көпшілік адам суық ауа райында да бас киімсіз жүруді жөн көреді. Олар бас киімге аса мән бермейді немесе өзінің иммунды жүйесіне сенеді. Алайда суық ауа райында бас киім кимеудің адам денсаулығына қауіпті салдарлары болуы мүмкін. Бас киімнің басты пайдасы – оның басты суықтан қорғауы.
Бас ауыруы мүмкін
Бас – денеміздегі ең сезімтал бөліктің бірі, себебі одан қан тамырлардың көп бөлігі өтеді. Егер басыңыз суықтаса, ол қан тамырлардың тарылуына әкеліп, оның салдарынан миды қанмен қамтамасыз ету төмендеуі мүмкін. Бұл бас ауруын, бас айналуды, зейін қоюдың жоғалуы және басқа да денсаулыққа қатысты проблемаларды тудыруы мүмкін.
Жылу жоғалту
Бас киім кию ағзадағы жылуды сақтауға көмектеседі. Бас жылу жоғалатын негізгі нүктелердің бірі. Бас киімнің ішіндегі жылы ауа жылуды сақтауға көмектеседі.
Тұмауратып қалу қаупі жоғары
Бас киім суықтан ғана емес, желден де қорғайды. Қыста жел қатты соғады, ол басыңызды жылдам салқындатып жібереді. Мұндай күндері бас киімсіз үсік алу немесе тұмауратып қалу қаупі бар.
Шаш зақымдалуы мүмкін
Суық ауа шашты және бас терісін құрғатып жібереді. Сондықтан шашыңыз сынғыш болып кетуі мүмкін. Бас киім шашыңызды сыртқы орта әсерінен қорғауға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Дәрігер басыңызға "салқын тигенін" қалай білуге болатынын түсіндірді