Педиатр Анна Раши адамдардың менингитке шалдығу себебін және аурудан қалай қорғануға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Новости Mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Адамның суық мезгілде қалпақ кимеуі менингитке шалдығу ықтималдылығына мүлде әсер етпейді. Бұл ми және/немесе жұлын мембраналарының қабынатын, бактерия, вирус және саңырауқұлақ тудыратын ауыр жұқпалы ауру.
Бұл аңыздың шығу себебі, адамдар менингитпен суық мезгілде жиі ауыратыны болуы мүмкін. Бірақ мұнда бас киімнің дым қатысы жоқ. Қазір кейбір адамдар бөлменің ауасын желдетпей, тазартпай көп уақыт өткізеді. Инфекция ауа тамшылары арқылы берілетін болғандықтан, осындай жағдайда оған шалдығу қаупі жоғары. Әдетте күз және қысқы тұмау мен ЖРВИ тудыратын вирустар менингит ауруын тудыруы мүмкін.
"Менингитке шалдығудың алдын алу үшін - екпе қабылдаңыз", - деді Анна Раши.
Пневмококк, менингококк және гемофильді таяқшаға қарсы (менингиттің ауыр түрлерінің қоздырғыштары) вакцина бар.
Сонымен қатар, әрине денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз, белсенді өмір салтын ұстаныңыз, ашық ауада көбірек уақыт өткізіңіз, дұрыс тамақтаныңыз және жеке гигиенаны сақтаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін менингиттің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.
Алғашқы белгілері:
Тағы да оқи отырыңыздар: Шыңғысхан құрған мемлекет қандай қағидаларға негізделді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!