- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қымыз ішкен адам...
Қымыз ішкен адам мешітке кіре ала ма? Нұрлан имам жауап берді
Мешітке ішімдік ішіп кіруге тыйым салынған. Ал құрамында этил спирті бар қымызды ішіп кіруге бола ма? Massaget.kz тілшісі Нұрлан имамға хабарласып, бірнеше сұрақтың жауабын алды.
Заң бойынша 0,5-тен 1,5 пайызға дейін жеңіл мастық, ал 1,5-нан 2,5 пайызға дейін орта дәреже, 2,5-нан 3 пайызға дейін қатты масаю және 3-тен 5 пайызға дейін ауыр болып саналады.
Медицина мамандары қымыздың құрамында 0,5 - 1,5 пайыз этил спирті болатынын және бұл жеңіл масаю түріне жататынын айтты. Өз кезегінде Нұрлан имам құлшылық орнына қатты масаң күйде кірмеу керек екенін жеткізді.
"Жүзім жеп артынан су ішсеңіз ол іште ашиды, ашыған соң оныңда өзінің промилі бар. Бұл да сол секілді, қанда алкоголі бар. Қымыз біздің ас суымыз, адал суымыз сондықтан қымыз ішкен адам мешітке кірмесін деп кеудесінен итерудің қажеті жоқ", - дейді имам.
Нұрлан Байжігітұлы құлшылық орнына кіруге ешкімге тыйым салынбағанын, тек кейбір шарттарды ұстану қажет екенін айтты.
"Мешітке кіруге ешкімге тыйым салынбаған. Ол - Алланың үйі. Бәріне рұқсат етілген. Өзге ұлт адамдары да тіпті мас адамда кіре алады, бірақ өзінің есін білмей, құсып қатты мас болып тұрса, кірмегені абзал. Ал қалған уақытта ішке кіре береді. Мешіт - ғибадат, құлшылық ететін қасиетті жер. Есік бәріне ашық. Қымыз ішсе де кіре алады", - дейді Нұрлан имам.
Еске салайық, бұған дейін заңгер Думан Көпбаев қымыз ішіп, көлік тізгіндеген адамға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтқан болатын.
"Ерекше қасиеті бар". Қымыз қыздыратыны рас па?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы