Қылмыстық “қамқорлық көрсеткен“ жалған полицейлер ұсталды

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстады. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтық жасап, қылмыстық "қамқорлық көрсеткен", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұндай қылмыс қай қалаларда болған?

Қарашада Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, "қамқорлығы" үшін ай сайын 1,5 миллион теңге алып отырған.

Дәл сол сияқты Ақтөбеде екі жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған.

Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған. Жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.

ІІМ не дейді?

"Айта кетейік, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын сенімді етеді. Қылмыскерлер адамдарды манипуляциялау үшін психологиялық әдістерді қолданады. Жалған полиция қызметкерлерін ұстау - бұл қауіпсіздік мәселесі ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі. Азаматтардың қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін. ІІМ кез келген заңсыз әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Еске салайық, бұған дейін жалған полицейлер үйлерді аралап, тұрғындардың жеке куәлігін тексергені белгілі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!