- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалған полицейлер үйлерді...
Жалған полицейлер үйлерді аралап, тұрғындардың жеке куәлігін тексерген
Ішкі істер министрлігі өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламада өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстыратын алаяқтар туралы айтылған. Қолдарына ІІМ символикасы бар бланкілер ұстаған олар үйлерді аралап, алдағы халық санағы қарсаңында қазақстандықтардың жеке куәліктерін тексереді. Ал шын мәнінде тонаумен айналысады екен.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Таралған хабарламада көрсетілген алаяқтық деректері республика аумағында тіркелген жоқ. ІІМ азаматтардың жеке куәліктерін тексеру, суретке түсіру және саусақ іздерін алу мақсатында үйлерді араламайды. ҚР ҚК 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Азаматтарды сақ болуға және бөгде адамдарға жеке деректер туралы ақпарат бермеуге шақырамыз", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек