"Қылмысты қалай жасағанын көрсетті". Түркістан облысындағы 9-сынып оқушысының өліміне қатысты тың дерек шықты
Түркістан облысы Төрткөл ауылында осыдан бірнеше күн бұрын ауыл маңындағы каналдан 9-сынып оқушысының денесі табылған еді. Облыс полиция қызметкерлері суару каналынан денесі табылған қыз туралы тағы да тың дерек жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл іске қатысы бар деген күдікпен ұсталғандар кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті.
Қазір екі жігіт қамауда отыр. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.
Еске салайық, Ордабасы ауданында кеудесінде пышақ жарақаты болған 9-сынып оқушысының денесі каналдан табылған еді.
Кейін күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды. Бұл оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол - жергілікті тұрғын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек