Түркістан облысында 11-сынып оқушысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Түркістан облысында 11-сынып оқушысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдікті - 11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынған.

Бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан