Кейбір адамдарды күз басталса мерзімдік аллергия жиі мазалайды. Бірақ кейде аллергияны суық тиюмен шатастырып жатады. Аллергиялық иммунолог Андрей Продеус аллергия мен суықтың белгілерін қалай ажыратуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшының айтуынша, күзде зең сияқты аллерген жиі кездеседі. Бұл тітіркендіргішке реакция ЖРВИ белгілеріне ұқсас болуы мүмкін.
Дәрігер аллергияның негізгі белгісі ринорея, яғни мұрынның ағуы, оның бітелуі және көздің қызаруы екенін айтты.
"Күзде жиі кездесетін вирустық және жұқпалы ауруларда дене қызуы көтеріліп, буындар ауырады және жалпы ыңғайсыздық болады", - деді аллерголог иммунолог Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, дәрігер аллергияда дене қызуының көтерілуі сирек кездесетінін түсіндірді.
Оған қоса, аллергия мен суық тию кезінде мұрыннан ағатын судың айырмашылығы бар көрінеді.
"Аллергия кезінде мұрыннан сұйық "су" ағады. Инфекция кезінде ол көбінесе ақшыл-сарғыш немесе сарғыш-жасыл болады", - деп қосты маман.
Айта кетейік, бұған дейін шаңнан болатын аллергияның қалай алдын алуға болатыны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Түсіңде қайтыс болған адамды көру нені білдіреді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!