- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күзетші мәйіттерді зорлады...
Күзетші мәйіттерді зорлады деген күдікке ілінді: тың дерек белгілі болды
Алматы прокуратурасы некрофилияға (мәйіттерді зорлау) күдікті ер адамның ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілдері Tengrinews.kz редакциясына берген жауабында 24 сәуірде соталды тергеу басталғанын, алайда қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабы 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін тоқтату туралы шешім қабылданған.
Бұл бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері заңда көзделген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының уақытша психикасы бұзылған немесе өзге де ауыр сырқаттанған жағдайда тоқтатылады.
Еске салайық, 29 сәуірде Алматыда жантүршігерлік жайт туралы белгілі болды. Мәйітхана күзетшісі мәйіттерді зорлады деген күдікке ілінген болатын.
Бұл дерек бойынша бірден қылмыстық іс қозғалды. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, ер адам ломбардқа телефонын өткізбек болған кезінде әшкере болған. Ломбард қызметкері телефон ер адамға тиесілі екеніне көз жеткізу үшін суреттерді көрсетуді сұраған. Осылайша, ер адамның телефонынан 18+ суреттер шыққан.
Полиция департаменті ер адам ұсталып, қамауға алынғанын хабарлаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина