Күзде D дәруменін қайдан аламыз?

Күзде барлық адам бірдей дәрумендер жетіспеушілігін сезеді. Көпшілік, әсіресе, D дәрумені жетіспеушілігімен қиналады. Жазда оны күннің көзінен аламыз, ал күзде қайдан алуға болады? Ендеше, D дәруменіне бай күзгі маусымдық топ-3 өнімді ұсынамыз.

Саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтардан сіз ойлағаннан да түрлі тағам пісіруге болады. Тіпті, саңырауқұлақ қосылған қарапайым омлеттің өзі рационыңызды түрлендіре алады. Күзде дүкен сөрелерінде саңырауқұлақтың түр-түрі пайда болады. Олар D дәруменіне бай.

Майшабақ

Майшабақта D дәрумені мол. Алайда маринадталған балықты сатып аларда абай болыңыз. Оларға тұзды көп қосады, ал тұздың артық болуы бүйрек проблемасына әкелуі мүмкін.

Жұмыртқа

Рационға жұмыртқа қосу арқылы қажетті ақуыз мөлшерін алып қана қоймай, D дәруменін де аласыз. Бастысы, бір жегенде екеуінен артық тұтынбаңыз және оны суға қайнатып немесе омлет түрінде жеген жөн.

Маусымдық өнімдер: Қыркүйекте қандай көкөністерді таңдаған жөн?