Маусымдық өнімдер: Қыркүйекте қандай көкөністерді таңдаған жөн?

Маусымдық өнімдер: Қыркүйекте қандай көкөністерді таңдаған жөн?
Фото: pixabay.com

Қазір дүкеннен қай уақытта болмасын кез келген өнімді табуға мүмкіндік бар. Мысалы, қарбызды дүкеннен қыста да таба аласыз. Бірақ маусымдық көкөністер мен жемістер дәмді, пайдалы әрі арзан болып келеді. Ендеше, қыркүйек айында қандай көкөністер мен жемістерді тиімдірек алуға болатынын ұсынамыз.

Асқабақ. Асқабақ – пайдалы дәрумендерге және фтор, магний, кальций, мырыш, фосфор және йод элементтеріне бай көкөніс. Қыркүйек айында асқабақ арзанырақ болады. Сондықтан отбасыңызға асқабақ қосылған дәмді манты пісіруіңізге болады. 

Картоп. Қыркүйекте жаздағыдай жас картоп аз кездесуі мүмкін, бірақ оның дәмді әрі арзан түрін табуға болады. Картоп ұзақ сақталуы үшін оны тоңазытқышқа салмаңыз.

Жүгері. Қыркүйек айында жүгері арзандайды, бірақ дүкен сөрелерінде ұзақ тұрмайды. Келесі жылдың жазына дейін консервіленген түрін алу керек болады. Жүгеріні мұздатқышқа қатыруға болады.

Болгар бұрышы. Қыркүйекте болгар бұрышы да арзанырақ болады. Болгар бұрышының ағзаға пайдасы мол. Сондықтан оны мұздатқышқа қатырып қою қыста да оның пайдалы дәрумендерін алуға мүмкіндік береді.

Алма. Қыркүйек айы – алманың маусымы. Бұл айда дүкен сөрелеріне алманың түрлі сұрыптары келеді.

Алмұрт. Қыркүйек айының тағы бір маусымдық жемісі – алмұрт. Алмұрт әлсіреген ағзаға күш береді. Сондықтан күздегі тұмаудың алдын алу үшін бұл жемісті жеп тұрыңыз.

Қараөрік. Қараөрік ағзадағы барлық қажет емес қоқысты сыртқа шығарады. 

Қауын. Қыркүйекте қауын тәтті, арзан және міндетті түрде піскен болып келеді. Сондықтан таңдауға уақыт жұмсамай, кез келгенін алып жүре беріңіз.

Қарбыз. Қыркүйек айында қарбызды да қауын секілді ойланбастан таңдай беруіңізге болады.

Тұмау маусымы. Вирустар өрши бастаған кезде қалай қорғану керек?

А. Жапатова