- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күйеуіме кесірі тие...
"Күйеуіме кесірі тие ме?" Педофилдің әйелі қорқынышын айтты
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқайға педофилдің әйелі уайымын айтып жүгінген. Әйел педофилдерге қатысты заң күшейсе, күйеуіне кесірі тиіп кете ме деп қорқатынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Facebook-парақшасында бөлісті.
"Әр баста түрлі уайым. Педофилдерді аямау керек, өлім жазасы не мәңгілік қамалсын деп жазып жатырмыз ғой. Соны естіген бір әйел көмек сұрапты: күйеуім педофил деп 17 жылға сотталды. Сарыағаштағы жағдайды естіп уайымдап отырмыз, күйеуіме кесірі тие ме деп. Жазаның 5 жылы ғана өтті. Әкесін күтіп отырған үйде 6 баласы бар. 6 баланың үшеуі қыз екен. Не деген махаббат деймін, а?! Мен ойлағанмын, құдай қосқан жары азғын болып шыққан әйел бала-шағасын алып алды-артына қарамай безетін шығар деп. Қателесіппін…Педофил екені дәлелденіп, 17 жылға сотталған күйеуін сағынышпен күтіп жүрген Динараға қандай ақыл қосасыз?" - деп жазған ол парақшасында.
"30 адамға химиялық кастрация жасалды". Қазақстанда педофилдерге қолданылатын жаза жеңіл ме?
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.
13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Кейін ол ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді.
Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған.
"Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. 2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, күдікті 2 айға қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін көпшілікке "Жаным баклажаным" лақапатымен танымал Айдын Тоқсанбаева Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдіріп, педофилдерге қатаң жаза қолданылуын талап еткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек