Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: күдікті 2 айға қамауға алынды

Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: күдікті 2 айға қамауға алынды
Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысындағы 5 жасар қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Тергеп-тексеру органы күдіктіге тағылған айыптардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, бұған дейін де аса ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды", - деді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адам 20 жылға дейін және өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Киімсіз денесін көрдім". Түркістан облысындағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Кейін ол ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді. 

"Басына пакет кигізіп, 12 рет пышақ сұққан". Түркістан облысында қыз өлімінің мән-жайы айтылды

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған. 

"Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек