• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Құтқарушылар шығыстағы алапат өртті сөндірді

Фото: Видео кадры

Өртсөндірушілер бір күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында басталған өртті толығымен сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ ақпаратына сүйенсек, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанып, оның ошағы батпақты жерде орналасқаны хабарланған еді. 

Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы, ЖАО жеке құрамынан 85 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ мен ЖАО авиациясы да жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget