ШҚО Зайсан ауданында қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанған, оның ошағы батпақты жерде орналасқан.
Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы, ЖАО жеке құрамынан 85 адам және 15 техника жұмылдырылған.
Өртті сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ мен ЖАО авиациясы да жұмылдырылды.
"ТЖМ әуе кемесінің бортында 12 құтқарушы бар. Барлық қажет жабдық жүктелген. Авиацияны пайдалану жету қиын жерлерге жедел баруға, әуеден жағдайды барлауға және өрт ошақтарын тиімді жоюға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова