Құрылтайдың жаңа құрамы: бұрынғы депутаттардан кімдер өтті?

Қазақстанда Құрылтай құрамы жасақталды. Десек те жаңа Құрылтайдың 145 депутатының арасында Мәжіліс пен Сенаттың бұрынғы депутаттары бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

111 жаңа есім бар

Жаңа Парламентте 111 жаңа есім бар. Бұл бұрынғы депутаттық корпустың бестен бірі ғана сақталғанын білдіреді. Дәлірек айтқанда, шамамен 23 пайыз.

Бұған дейінгі шақырылымдарда жұмыс істегендердің ішінде 34 адам мандат алды. Соның ішінде кейінгі VIII шақырылымнан 30-ға жуық депутат ауысты.

"Әділет"

"Әділет" партиясы бірден 110 мандатқа ие болды. Бұл партия депутаттарының бестен біріне жуығының Парламентте тәжірибесі бар. 20 депутат бұған дейін VIII шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенатта жұмыс істеген.

Мәжілістен Құрылтайға өткендер: Константин Авершин, Асхат Аймағамбетов, Марат Башимов, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев, Максим Рожин, Татьяна Савельева, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Екатерина Смышляева, Үнзила Шапақ, Арман Қалықов, Жарқынбек Амантайұлы, Тілекес Адамбеков, Юлия Кучинская, Никита Шаталов.

Төрт депутат сенатор болған. Олар: Евгений Больгерт, Нұрлан Бекназаров, Марат Қожаев және Ольга Перепечина.

Қалғандары - өткен шақырылымдардағы жұмысынан кейін Парламентке оралған депутаттар. Олардың арасында Айжан Сқақова, Нұрлан Дулатбеков және Динара Зәкиева бар.

Толық тізімді мына жерден көруге болады. 

"Ауыл"

10 мандатқа ие болған "Ауыл" партиясының құрамы 90 пайызға жаңарды. Он депутаттың тек біреуі, яғни Серік Егізбаев бұрын Мәжіліс депутаты болған.

Партияның толық құрамын мына жерден көруге болады.

Respublica

9 мандатқа ие болған Respublica партиясында бес депутат өз орнын сақтап қалды. Партиялық тізімге Айдарбек Қожаназаров, Олжас Құспеков, Динара Наумова, Екатерина Смолякова және Нұргүл Тау кірді. Олардың барлығы Мәжіліс депутаты болған. Осылайша, фракция құрамы 44 пайызға жаңарды.

Партияның толық тізімін мына жерден көруге болады.

"Ақ жол"

"Ақ жол" демократиялық партиясы 8 мандатқа ие болды, Мәжілістің екі депутаты өз орнын сақтап қалды. Олар - Дания Еспаева мен Олжас Нұралдинов. Осылайша, Парламенттегі фракция құрамы 75 пайызға жаңарды. Партияның толық құрамын мына жерден көруге болады.

ЖСДП

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 8 мандат алды. Мәжіліс таратылғаннан кейін үш депутат, яғни Асхат Рахымжанов, Ажар Сағандықова және Наурыз Сайлаубай өз орнын сақтап қалды. Осылайша, құрам 62,5 пайызға жаңарды. Партия депутаттарының толық тізімімен мына жерден танысуға болады.

Қанша әйел бар?

Жаңа Құрылтайда 49 әйел болады. Бұл - жалпы құрамның 33 пайызы. Демек, шамамен әрбір үшінші депутаттық орын әйел адамға тиесілі.

Депутаттардың жас ерекшелігі

Құрылтайдағы ең жас (27 жас) және ең үлкен (65 жас) депутаттың жас айырмашылығы - 38 жас. Құрылтай депутаттары тізімінде жастардың үлесі - 12,4 пайыз (18 адам). Олардың 13-і "Әділет" партиясынан өтті. Тағы 5 адам - қалған фракциялардың өкілі.

Құрылтай сайлауы

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.

Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:

  • "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
  • "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
  • "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
  • Respublica партиясы - 75 кандидат.

1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.

Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. 

Құрылтай сайлауының нәтижесі

25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қорытынды нәтижені жариялады. Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс болатын.

Құрылтайға бес саяси партия өтті. Мандаттар былай бөлінді:

  • "Әділет" партиясы - 110 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 8 мандат;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10 мандат;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы - 8 мандат;
  • Respublica партиясы - 9 мандат.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!