Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді.
"Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын. Үкімет, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажет шараны кідіріссіз қабылдасын", - деп жазылған жарлық мәтінінде.
Айта кетейік, 1 шілдеде Қазақстанда 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде өз күшіне енді. Жаңа Конституция күшіне енген соң Парламенттің қос палатасы, яғни Мәжіліс пен Сенат қызметін тоқтатты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз