"Құрбыммен көзіме шөп салды". Неліктен жақын адамыңыз сатып кетеді?

"Құрбыммен көзіме шөп салды". Неліктен жақын адамыңыз сатып кетеді?
Фото: depositphotos.com

Егер психотерапевттерге сенсек, адамның психикасы үшін жарақат деңгейі бойынша, жақын адамының қайтыс болуынан кейін екінші орында көзге шөп салу немесе серігімен ажырасу тұр. Шынымен де жақын адамыңның сатқындық жасауы әркез ауыр тиеді. Құрбысының сатқындық жасағанын көрген әйелдер болашақта осындай жағдай қаталанбас үшін ешкіммен дос болмауды жөн санайды. Ер адамды серігінің құрбыларымен көзге шөп салуына не итермелейді және мұндай жағдай болмас үшін жақындарыңыздан арылу қажет пе? Бұл сұрақтарға "Tengri Life"-ке психолог Жанна Петрова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам неліктен серігінің құрбыларына қарайды?

Психологтың айтуынша, ер адамның серігінің құрбысымен көзге шөп салуының себебі көп және оған әр жұпта әртүрлі жағдай итермелейді.

"Себептердің бірі - серіктердің арасында эмоционалды қолдаудың болмауы. Ал достары олардың командасының бір бөлігі десе болады. Әдетте олар жұптағы проблемалар жайлы біледі, олар қолдау көрсетуге және эмоционалды "құрдымды" толтыруға тырысады, нәтижесінде олармен қарым-қатынас "жаңа деңгейге" шығуы мүмкін", - дейді Жанна Петрова.

Екінші себеп - әйелінің құрбысының тартымдылығы.

"Үйде халатпен жүретін әйелінің қасында оның құрбысы қонаққа әдемі болып киініп келеді. Күйеуі оны шаршамаған, тек әдемі күйінде көреді. Сондықтан ода симпатия пайда болуы мүмкін", - дейді маман.

Үшінші себеп - достардың аумақтық жақындығы.

"Егер ол адам үшін көзге шөп салу - қалыпты нәрсе болса, ол мінсіз әйелдің өзінің көзіне шөп салады. Ал достар - жақын. Біреуді табу үшін бір жерге барудың қажеті жоқ. Ол серігінің жақын адамымен опасыздық жасағаннан ешқандай жаман нәрсе көрмейді".

Жалпы достарды басқа адамдарға қарағанда "үштікке" кіргізіп алу оңай: біреулерді үнемі некеде бақытсыз екенін айтып, аяушылық тудыру арқылы баурап алады. Басқаларды оның әлсіз тұстарын, әдеттерін және әуесін біле тұра еліктіріп алады.

Алайда маман бұл барлық себеп емес екенін ескертті.

Жанна Петрова көзге шөп салудың салдарымен жұмыс істегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс екенін айтты.

"Егер ерлі-зайыптылардың арасында проблема туындаса, мынадай үштік ең дұрыс шешім болады: "күйеуі - әйелі - психолог немесе психотерапевт". Маман өз-өзіңізді түсінуге, дағдарыстарды анықтауға, жанжалдарды шешуге және отбасыны қатайтуға көмектеседі", - деп кеңес берді ол.

Неліктен достар сатқындық жасайды?

Неліктен адам өз досының серігімен интимдік қарым-қатынасқа барады? Ол жеке шекараның болмауы, әлсіз моральдық көзқарас, зақым алғаннан кейінгі бұзылыс, салдарын ескере алмау секілді әлеуметтік және психологиялық факторлардың үйлесімінен болуы мүмкін.

"Адамдар әртүрлі, олардың өмірлік принциптері де әртүрлі, адамдардың психологиясы мен мотивациясы да өзгеше. Біреулер солай қалағандықтан ғана жасап, ол үшін еш ұялмайды. Ал біреулер досының серігін шынымен де ұнатады. Тағы біреулер ол адам біреуге ұнағандықтан ғана сезімі оянады. Көпшілік әйел құрбыларымен кездескенде күйеулерін мақтайды. Ал жалғызбасты құрбыңыз оған дәл сондай еркек керек деп ойлауы мүмкін", - дейді психолог.

Үйленгеннен кейін достардан арылу керек па?

Маманның айтуынша, адамдарға әлеуметтік байланыстар керек және серігіңіздің - жалғыз досыңыз, жақыныңыз, туысыңыз болуы дұрыс емес. Өмірде біз күтпеген нәрселер болуы мүмкін, бүгінгі сенімді серігіңіз өз басымдықтарын өзгертіп, түрлі себептерге байланысты сіз жоқ болашақты қалауы мүмкін.

"Үйленгеннен кейін достардан арылмау үшін, отбасының тұтастығына қауіп төндірмеу үшін және адал достары бар, сондай-ақ некеде бақытты адам болып қалу үшін құрмет, сенім, сүйіспеншілік пен адалдықты бағалау керек. Бұл қасиеттерді дамыту өте маңызды. Олар өзіңізді сенімді сезінуге көмектеседі және жақын адамдарыңызбен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді. Достық та махаббат сияқты, әр адамның өмірлік қажеттілігі, барлық бағытта үйлесімділікті сақтай білу маңызды", - деп қорытындылады психолог.

Оқи отырыңыз: Ер адамның көзге шөп салып жүргенінің 4 белгісі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова