Ер адамның көзге шөп салып жүргенінің 4 белгісі

Ер адамның көзге шөп салып жүргенінің 4 белгісі
Фото: ru.freepik.com

Психолог Элена Гамаюн ер адамның көзге шөп салып жүргенінің 4 белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

  1. Сөйлеспейтін болып кеттіңіздер. Оған сұрақ қойсаңыз, қысқа жауап қайтарады немесе мүлдем жауап бермейді. Психолог мұны эмоционалды байланыстың жоғалуы деп атады және ол көзіңізге шөп салмаса да, бұл соған апаратын алғашқы белгі екенін айтты. Алайда мынаны түсіну керек: бір-екі күн үндемей жүрсе, бұл оның шаршағанын немесе жұмыстағы проблемасын білдіруі мүмкін. Ал әрекетінде осындай өзгеріс жүйелі түрде байқалса, бұл ойландыратын жағдай.
  2. Ашуланады және бір орында тыныш отыра алмайды. Ер адам сізбен сөйлеседі, бірақ оның сөйлесу мәнері өзгеріп кетті. Сөйлескенде бірдеңені айтпай тұрғандай көрінеді, уәдесін орындамайды, өтірік айтады және жиі ұсақ нәрселерге ашуланып шығады.
  3. Оның достарымен араласу қиындап кетті. Бұрын олардың ортасында жақсы уақыт өткізетін болдыңыз, ал енді олар өздерін біртүрлі ұстайтын болып кетті және сіздің көзіңізге тіке қарамайды.
  4. Ол ұялы телефонымен тығылады. Бұрын гаджет үстелдің үстінде жата беретін, ал енді ол оны қолынан тастамайды. Ол смартфонын бөлмеде аз уақытқа болсын тастап кете алмайды. Оның гаджетін ұстап қалсаңыз немесе көзіңіздің қырымен экранға қарасаңыз, жылдам қоңырауды тастай салады және күйгелектенеді. Сондай-ақ оның телефондағы құпиясөзді кенеттен ауыстырып тастауы да сізді ойландыратын белгі.

Психологтың айтуынша, сіздің күмәніңіз – болжам ғана, сондықтан серігіңізден бұл 4 белгіні байқасаңыз да, бірден айқай шығармаңыз. Күмәніңізге 100 пайыз көзіңіз жеткенде ғана наразылық білдіре аласыз.

Оқи отырыңыз: Сізге шын ғашық болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе

А. Жапатова