- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құрамында кофеин жоқ:...
Құрамында кофеин жоқ: цикорий шынымен де пайдалы ма?
Кофені құрамындағы кофеин мөлшері үшін көп ішуге болмайтыны айтылады. Сондықтан көпшілік оны цикориймен ауыстырады. Цикорий шынымен де пайдалы ма және оны кімдерге ішуге болады?
Цикорий деген не?
Цикорий – аттас өсімдіктен дайындалатын сусын. Бастапқыда ол құнтсыз типке жатты, қарапайым сөзбен айтқанда оны арамшөп деп санады. Бірақ қазір оны тамаққа қолдану үшін белсенді өсіріп жатыр. Бұл өсімдік Жерорта теңізінен шыққан.
Цикорий құрамында кофеині жоқ, бірақ ағзаны жақсы сергітетін және дәмі кофеге ұқсайтын сусын ретінде белгілі. Цикорий кофеге қарағанда пайдалы, бірақ цикорийді алу жолына мән беру керек.
Құрғақ ұнтақты алу үшін цикорий тамырын ұсақтайды және оны қуырады. Бұл оның дәмін күшейтуге көмектеседі, бірақ артық термиялық өңдеу кезінде оның пайдалы қасиеттерінің бәрі кетіп қалады. Сатылымда сондай-ақ "сұйық цикорий" болады, оны өсімдік тамырларынан сығынды буландыру арқылы алады. Осы түрі табиғиға жақын.
Цикорийдің артықшылықтары мен кемшіліктері
Цикорий – толықтай табиғи өнім. Оның құрамында кофеин жоқ және ол жақсы терапиялық әсерге ие. Ол сергектік сыйлайды, қысымды түсіреді, қандағы қант деңгейін азайтады. Сондай-ақ цикорий кофеге қарағанда сүтпен үйлеседі.
Оның кемшіліктеріне келетін болсақ, цикорий тәбетті ашады, артериялық қысымды (бұл төмен қан қысымымен қиналатындар үшін қауіпті болуы мүмкін) және қантты түсіреді, қантамырларды кеңейтеді (бұл варикоз немесе геморрой секілді аурулардың дамуына ықпал етуі мүмкін). Цикорийді гастриті асқынған адамдарға, әсіресе, аш қарынға ішуге болмайды.
Цикорийді қалай ішу керек?
Цикорийді күніне 1 кесе ішу жеткілікті. Цикорийді дайындау оңай. Бір кесе қайнаған суға 1 шай қасық цикорий құйып, араластырасыз. Оған дәміне қарай дәмдеуіштер (даршын, зімбір) қосуға болады.
Оны дайындаудың тағы бір жолы – ыдысқа 2 шай қасық цикорий мен бірнеше құрма салып, үстіне су құйып, блендермен араластырыңыз. Сол кезде қантсыз дәмді және сергітуші сусын шығады.
Неліктен Сүлеймен Сұлтан кофе ішуге тыйым салған?
А. Жапатова