Варикоз не үшін пайда болады?
Фото: freepik.com

Варикоз не үшін пайда болады?

Тамырлардың түйнеліп кеңеюі — кең тараған ауру. Ол не үшін пайда болады? Оның қалай алдын алуға болады?

Аяқ пен кіші жамбас тамырларының түйнеліп кеңеюі және геморрой — көктамыр қанының тоқтап қалуымен байланысты бір құбылыс. Ал қанның жүрмей қалуы мен төменгі дене бөлігі күретамырларының ұлғаюы — ішкі органдардың түсіп кетуінің тікелей салдары. Ол жамбас деңгейіндегі күретамырлардың қысылуына әкеледі. Нәтижесінде, лимфа айналымы нашарлайды және күретамыр қанына түсетін қысым артады. Сол үшін де күретамырлар кеңейіп кетеді. Бұл кезде тек аяқтағы ғана емес, кіші жамбастағы көктамырлар да кеңейіп кетеді.

Күретамырлардың варикоздық кеңеюі кезінде не болады?

Қалыпты жағдайда күретамырды қоршап түрған бұлшықеттер жиырылып, қанды жоғарыға «сығатындықтан» қан жоғарыға пассивті түрде ағады. Қанның жоғарыға қозғалуын жеңілдету үшін күретамырда қақпақшалар бар: олар қанды тек бір жаққа, яғни төменнен жоғарыға өткізеді. Қан қысыммен осы қақапақшалар арқылы өтеді, содан соң қақпақшалар жабылып қалады да, қанды төменге қарай жібермейді.

Күретамырлардың түйнеліп кеңеюі — осы қақпақшалар жұмысының бұзылуының салдары деп саналады. Бұл жерде қақпақшалар неге дұрыс жұмыс істемей қалады деген сұрақ туады. Олардың өз қызметін орындамауының себебі болуы керек.

Тамырлардың түйнеліп кеңеюінің себебі неде?

Варикоздың аурудың бірінші себебі — күретамырлардағы гидростатикалық қысымның артып кетуі. Қарапайым сөзбен айтсақ, қақпақшалар өздеріне сай емес қысымды ұстап тұруға мәжбүр болады. Содан соң ерте ме, кеш пе олар оған шыдамайды, өзгеріске ұшырап, қанды кейінгі бағытта өткізе бастайды.

Варикозды аурудың пайда болуының екінші себебі — дәрумендер мен микроэлементтер жетіспеуішілігі, эндокринді бұызылыс түріндегі зат алмасудың бұзылуы. Соның себебінен күретамырлар қабырғалары мен қақпақшалар тіндері әлсізденеді және көнгіш болып кетеді. Нәтижесінде, ол олардың жоғары қысымды көтеру қабілетінен айырады. Сондықтан қан аяқта тұрып қалады, күретамырлар түйіндер түзілуімен созылады.

Тағы бір қосымша фактор бар: физикалық жүктеменің жетіспеуі және аз қозғалысты өмір салты. Бірақ варикоздың пайда болуына жоғарыдағы екі себеп әсер етеді. Ал бұл фактор оның одан әрі дамуына ықпал етеді.

Варикоздың қалай алдын аламыз?

Күретамырларға отыру немесе бір орында тұрудан гөрі жүру пайдалы. Жоғарыда айтқандай қан жоғары өтуі үшін күретамырды қоршап тұрған бұлшықеттер жиырылуы керек. Сондықтан варикоздық аурудың пайда болу қаупін азайту үшін мыналарды істеу маңызды:

- Ішкі органдарды көтеру;
- Эндокринологқа қаралып, дәнекер ұлпаларды қатайту;
- Физикалық белсенділікті арттыру.

Варикоз бар болса, ауыр көтеру немесе күшенуге әкелетін кез келген жаттығулар тыйым салынады.

А. Жапатова