Күнде бір тамақ жеу - диетологтар арасындағы даулы сұрақ. Бірі оны қауіпті санаса, басқалары оның өз артықшылықтары бар екенін айтады. Күнде бір тамақ жеу ағзаға қалай әсер етуі мүмкін?
Артықшылықтары
Күнде калория санаудың қажеті жоқ
Егер салмақ тастауға тырысып жүрсеңіз, күнде әртүрлі тағамның калориясын санап отырудың қажеттілігі болмайды. Себебі сіз үнемі бірнеше тамақты кезектестіріп жейсіз. Оларды бір санап қойсаңыз болғаны.
Тамақ пісіруге аз уақыт кетеді
Егер тек бір тамақ істеу керек болса, демалыс күндері алдағы бір аптаға бірден көп етіп дайындап қоюға болады. Күнде жұмыстан кейін тамақ пісіруге уақыт жұмсамайсыз.
"Зиян" тағамды аз жейсіз
Түскі және кешкі асқа қандай тамақ жейтініңізді білетін болсаңыз, сырттан асығыс фастфуд немесе басқа зиянды тамақ жеуді азайтасыз. Егер тамақты алдын ала дайындап алған болсаңыз, басқа тамақ жайлы ойламайсыз.
Кемшіліктері
Күнде бір тамақ жеуден жылдам жалығасыз
Адам әдетте келесі тамақтануды асыға күтеді. Алайда адам ұзақ уақыт бойы бірдей тағамдар жесе, олардан ләззат ала алмауы мүмкін.
Қоректік заттардың жетіспеушілігі
Ағза жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен дәрумендерді алу үшін жемістер, көкөністер, ақуыздар және дәнді дақылдар жеуі керек. Егер өзіңізді бір-екі тамақпен шектесеңіз, денсаулыққа қатысты проблемалар пайда болуы мүмкін.
Зат алмасудың бұзылуы
Қоректік заттарға бай үйлесімді тамақтану зат алмасуға пайдалы. Ал күнде бір тағам жеу зат алмасудың бұзылуына әкеледі.
Пайдалы бактериялардың жетіспеушілігі
Азық-түліктің әртүрлілігі және оларды кезектестіру ішектегі пайдалы бактериялардың мөлшерін арттырады. Ал олардың жетіспеушілігін жиі семіздікпен байланыстырады.
Оқи отырыңыз: Бір апта ет жемесе не болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!