- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнбағыс майына тамақ...
Күнбағыс майына тамақ қуыру қандай ауруларға шалдықтыруы мүмкін?
Әдетте адамдар күнделікті тамақты күнбағыс майына қуырады. Ал күнбағыс майы денсаулыққа зиян тигізіп, ағзада түрлі ауру тудыруы мүмкін екенін білесіз бе? Интегративті нутрициолог, дәрігер Ұлжалғас Тұрғынбайқызы күнбағыс майын көп тұтынудан пайда болатын ауруларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күнбағыс майы полиқанықпаған май қышқылдарына жатады. Оның құрамында линол қышқылы көп (Омега-6). Омега-6 қанның ұю процесінде маңызды рөл атқаратын және қан тамырларының тарылуын тудыратын тромбоксандар синтезделеді.
Кейбір адамдар ағзадағы осы заттардың тепе-теңдігін сақтамайтындықтан, ауыр ауруларға шалдығады. Ал омега-6 артық мөлшері ағзаның қабынуын жиілетіп, қан қысымын жоғарылатады, мигрень, гормоналды бұзылуларды тудырып, иммундық жүйені бұзады.
Күнбағыс майына тамақ қуыру мына ауруларға шалдықтыруы мүмкін:
- Жүрек-қан тамыр аурулары туындайды;
- Талшықтар қышқылданып кетеді;
- Қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады;
- Иммундық аурулар пайда болады.
"Күнбағыс майына қуыруға кеңес бермеймін, себебі қатты қыздырылған күнбағыс майынан түрлі зиян заттар бөлінеді. Салдарынан талшықтар қышқылданып, ауыр дерттерге шалдықтырады. Сол үшін күнбағыс майын тек суық күйінде пайдалану керек. Қыздырып пайдалануға болатын май түрі көп", - деді дәрігер.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін ағзаға май жетіспесес не болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Сергек» белдік тақпағандарды түсіре ме?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә