Ағзаға май жетіспесе...

Ағзаға май жетіспесе...
Фото: legionathletics.com

Ағзаға май не үшін керек? А, D, Е және К дәрумендері майды сіңіру үшін, мидың, жүйке жүйесінің, жыныс гормондарының жақсы қызмет атқаруы үшін және де жасушаларды сыртқы күштен қорғау үшін керек. Адамдар арасында жануар майы зиян, ал өсімдік майлары пайдалы деген пікірлер жиі айтылады.

Ағзаға қауіп төндіретін майлар химиялық және шамадан тыс жылу арқылы өңдеу механизмімен алынады. Мысалы, өсімдік майы маргарин қалыбына келгенге дейін су арқылы өңделеді. Тіпті, зәйтүн майы да ұзақ қуыру кезінде канцерогенді бола бастайды (есіңізде болсын: тамақты қуыруға сары май немесе кокос майын пайдаланған дұрыс). Ал пайдалы май – барлық өсімдік майы, балық майы және саруыз майы. Адамның бір күндік рационында 25–35% май болуы тиіс. Осынша майды қалай алуға болады? 

1. «Ультрапайдалы» коктейль ішу керек

Егер таңғы асқа жеміс-жидек, протейн ұнтағы, сүт және көк қосылған коктейль ішсеңіз, ағзаңыз таң мезгілінде қажет ететін барлық дәруменмен байиды. Алайда, толық емес, себебі, майды ұмыттыңыз. Коктейль жасамасаңыз да, таңғы асқа нанға май жағып, артынша табиғи сүт ішіңіз. Жаңғақ, майсыз йогурт та пайдалы. 

2. Жаңғақтар 

Ол шынымен де пайдалы. Әсіресе, шағып жейтін түрлері. Олар ойлануға әрі тістің қызметіне, жүйке жүйесіне пайдалы. Ал құрамындағы май – табиғи май. Жаңғақтардың құрамында омега-3 қышқылының тек бір-ақ түрі бар. Сондықтан таңғы асқа жаңғақтар ағзаға аздық етуі мүмкін. Сол үшін түскі асқа балықтан немесе көкөніс қосылған салат не омлет жасаған абзал. 

3. Дәрумен ішсеңіз, жүрегіңіз айниды 

Дәрумен қабылдаған соң, жүрегіңіз айнып, лоқсысаңыз, асқазандағы майдың жетіспеушілігінен деп түсініңіз. Тамақ ішкен соң, майды ыдырататын дәрумендер қабылдаған артық етпейді. Авакадо, жұмыртқа, балық, жаңғақ секілді тағамдар ағзаны тез «майлайды». 

4. Күннің екінші бөлігінде әлсіздік пайда болады 

Көпшілік бұған көңіл бөле бермейді. Бірақ, түскі 3-тен кейін ағза түскі аста ала алмаған майдың әсерінен әлсірей бастайды. Түскі ас май құрғақ болса, майонез не кетчуп емес, зәйтүн не зығыр майын қосқан абзал.  

Г. Берік