- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күн сайын аш...
Күн сайын аш қарынға кофе ішсе, асқазанға не болады?
Әдетте аш қарынға кофе ішу зиян деп жатады. Оның себебінің әртүрлі нұсқасы бар. Бірақ әлеуметтік желіде ең жиі кездесетіні, кофе асқазандағы қышқылдықты арттырып, ол өзін-өзі сіңіріп, қорыта бастайды немесе кофе асқазанды күйдіріп, қант диабетіне шалдықтырады дейді. Бұл қаншалық рас?
Аш қарынға кофе ішу зиян ба?
Медицинада адамның асқазаны өзін-өзі сіңіріп, қорытқан жағдай әлі тіркелмеген. Кофе қышқылдықты арттырады, бірақ сау адамның асқазанына қышқылдың зияны жоқ. Асқазанда қорғаныс фактор бар және оның шырышты қабаты өте тез қалпына келеді. Шырышты қалпына келтіру және асқазандағы қабынуды жою үшін дәрігерлер ребамипид негізіндегі ребагит тобындағы препараттарды қолданады. Нәтижесінде шырышты қабық қалпына келіп, кофе мәселе тудырмайды.
Әлеуметтік желіде кофе қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататынын анықтаған британдық ғалымдардың зерттеуі тарады. Олардың айтуынша, бұл сусын қант диабеті қаупін арттыруы мүмкін, дегенмен басқа ғалымдар бұл тұжырыммен келіспейді.
Қант диабеті кофеден емес, семіздік, тұқым қуалаушылық сияқты түрлі фактордан дамитынын естен шығармау керек. Қант диабетімен ауыру себебін тек медициналық зерттеу арқылы анықтауға болады.
Аш қарынға кофе ішудің салдары қандай болуы мүмкін?
Шынымен, бұл сусын асқазаныңызды күйдіріп жатқандай сезім тудыруы мүмкін, бірақ тек гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы бар адамдарда. Дені сау адамда мұндай сезім тууы екіталай, өйткені асқазан қанша қышқыл шығарса да, ол екі мүшенің арасында сфинктердің болуына байланысты өңешке енбейді.
Асқазан сфинктерінің тонусы мен моторикасын қалпына келтіру үшін дәрігерлер өңеш пен асқазанның қалыпты моторикасын қалпына келтіретін итомед тобындағы препараттарды тағайындайды. Бұл дәрі-дәрмектерді өздігінен қолдануға болмайды.
Осылайша, аш қарынға және сау адамның асқазанына кофе ішудің зияны жоқ, бірақ, тұрақты негізде ішуден аулақ болған абзал. Бірақ асқазаны ауыратын адамға аш қарынға кофе ішу қауіпті.
Кофе ішер алдында не істеу керек?
Бір кесе кофе ішер алдында асқазанды "тоқ" ету үшін тамақтану керек. Тұтынылған өнім қышқылдың бір бөлігін бейтараптандырады. Мәселен ботқа асқазанды өнімдердің теріс әсерінен қорғауға көмектеседі.
Бұл ұсыныс тек іштің ауырсынуы мазалайтындарға қатысты. Егер сіз "тоқ" асқазанға кофе ішсеңіз, ауырсыну шабуылынан аулақ бола аласыз. Дегенмен дәрігермен мәселені шешпейінше, бұл сусыннан мүлдем бас тартқан дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер кофе ағзаға зияны тимеу үшін қалай және қашан ішу керегін айтқан еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Республика күніне құттықтау-тілектер
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә