- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлсары маңындағы қыстақтан...
Құлсары маңындағы қыстақтан 2 азамат құтқарылды
Атырау облысында Құлсары маңындағы қыстақтан 2 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 сәуірде сағат 20:03-те Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының күшімен Құлсары-Атырау тасжолы Шоқпартоғайға жақын жердегі қыстақтан 2 азамат құтқарылды. ЖҚЖ-нын 5 құтқарушысы, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда жоғалған екі адам әлі іздестіріліп жатқаны хабарланды.
6 сәуірде сағат 17:52-де Жылыой ауданы Құлсары қаласы 4-шағынаудан Автодорожник көшесі Grand Hall мейрамханасының қасында орналасқан су басқан үйін қарауға 1976 жылы туған азамат пен оның 2000 жылы туған ұлы барып, сол уақыттан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама түскен.
Хабарлама түскен бойда құтшарушылар мекен-жайға барып, үйдің есігі пенамен бекітілгенін анықтады.
"Бұл шақырту бойынша 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар, 5 қайық, 1 техника (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздеді. Қазір іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, 5 жүзу құралы және 1 техника (трэкол) жұмылдырылды. Іздеу жалғасады", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова