- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қуанышымда шек болмаған"....
"Қуанышымда шек болмаған". Ерке Есмахан күйеуі жасаған сыйлық туралы айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, күйеуі Райм Еркенің несиесін жауып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.
"Бұл үйді кезінде мен кредитке алып содан жүрдім ғой қанша жыл төлеп. Жұмыс жоқ, үйде отырып қалғанда пандемия кезінде қалай қиналғаным әлі есімде. Раймға күйеуге шығып, арқа сүйеп, жағдайым жақсарып қалды. Күйеуім кредитті жауып, документті банктен алып бергенде қуанышымда шек болмаған. Шүкір. Қазір ештеме ойламаймын, рахат. Сондықтан әзір тұрамыз осы үйімізде, шырайын шығарып, бөпеге тышқызып, сигізіп", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек