"Бөпем жыбырлақ". Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты

"Бөпем жыбырлақ". Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында босанатын мерзімі жақындаған сайын ерекше күйге түсіп жүргенін жазды.

"Бөпеміз дүниеге келгенше, ұйықтап алуға тырысып жүрміз, бірақ мен ерте тұрып кете беремін. Ал папасының ұйқысы жақсы. Мен қазіргі күйімді сөзбен жеткізе алмаймын. Аллаға шүкірден басқа айтарым жоқ. Жүрегімнің ішіндегі жүрегімнің өз режимі бар. Күнде таңертең мені осындай ғажап күйге түсіреді. Срок жақындаған сайын жату да ыңғайсыз, бөпем де жыбырлақ. Бір-бірімізбен кездесуге асығып жүрміз. Мен негізі ұйқының адамымын. Іштен, қуықтан, дыхалкадан тепкілеп, ұйқымнан оятып, мені жеңіп тұр бұл кішкентай. Босанған соң әкесі мен ағасына ұстатам да өзім ұйықтаймын деп отырмын", - дейді әнші.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова