- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көзіңізден байқауға болатын...
Көзіңізден байқауға болатын қатерлі ісіктің 11 белгісі
Көздің қатерлі ісігі сирек кездесетін ауру болғанымен, ерте бастан назар аудару керек белгілердің қандай екенін білген жөн. Өйткені олардың кейбіреулері қатерлі ісіктің басқа түріне қарағанда әлдеқайда айқын көрінеді.
Қатерлі ісік әдетте өкпе, сүт бездері және теріге әсер етеді, сондықтан оның көзге әсер етуі мүмкін екенін ұмыту оңай. Көптеген жағдайда көздің қатерлі ісігі қарапайым тексеру кезінде анықталады, бірақ алдын алу үшін кейбір белгілерді өзіңіз байқап жүруіңіз керек.
Тәуекел факторларына жасынан басқа нәсіл мен көздің түсі жатады. Мысалы, көз меланомасымен ақ адамдар, сондай-ақ көзінің түсі көк, сұр немесе жасыл адамдар ауырады. Сонымен қатар, көздің қатерлі ісігі тұқым қуалауы мүмкін, оның генетикалық себептері әлі де зерттеліп жатыр.
Көз қатерлі ісігінің белгілеріне:
- Бір көздің дөңес болуы;
- Көру қабілетінің толық немесе ішінара нашарлауы немесе көздегі қара дақ, ол үлкейеді;
- Көздің немесе оның айналасындағы ауырсыну, бірақ бұл көздің қатерлі ісігінде сирек кездеседі;
- Көздің бетіндегі бозғылт көтерілген масса;
- Бұлыңғыр көру;
- Көздің сыртқы түрінің өзгеруі;
- Қабақтағы немесе көздің айналасындағы төмпешіктер;
- Көз алдыңыздан дак, жарықтың біркелкі емес жыпылықтауы немесе көздің алдында жиі "қозғалатын сызық" деп аталатын біртүрлі толқынды сызықтар көру;
- Перифериялық көрудегі өзгерістер - бұл сіздің алдыңызда тұрған нәрсені ғана көре алатыныңыз, яғни жаныңыздағы заттарды көре алмайсыз;
- Көздің түрлі-түсті бөлігіндегі қара дақтар;
- Көздің тітіркенуі, "қызыл көз" немесе созылмалы конъюнктивит.
Дәрігерге қашан бару керек?
Көздің қатерлі ісігінің сирек кездесетіні соншалық, бұл белгілердің біреуі немесе бірнешеуінің пайда болуы әдетте басқа аурудың белгісі болып, алаңдайтындай мәселе болып көрінбейді. Бірақ бойыңыздағы кез келген өзгерісті уақытылы тексеріп, анықтап, емін алған дұрыс. Себебі көздің қатерлі ісігі неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу соғұрлым оңайырақ болады.
Айта кетейік, бұған дейін көздің ағы неліктен сарғаятыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алюминий қосылыстарының алыну жолдары мен қасиеттері қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә