Неліктен көздің ағы сарғаяды?

Неліктен көздің ағы сарғаяды?
Фото: unsplash.com

Көз — денсаулыққа қатысты проблема жайлы белгі беретін органдардың бірі. Көз ағының өзгеруі — қауіпті белгі. Көздің сарғаюы визуалды өзгерістермен бірге жиі жоғары дене температурасы, құрсақ қуысының ауыруы және асқазан-ішек жолы проблемаларымен қатар жүреді. Көз ағының сарғаюы қандай қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін?
 
Қатерлі конъюнктивит
Көз ағының түсін өзгертуі меланоманың және басқа да жаңадан пайда болған заттардың дамуынан болуы мүмкін. Қатерлі конъюнктивит өте сирек кездеседі және оны тек маман анықтай алады. Ол қаншалықты ерте анықталса, оны денсаулыққа салдарсыз шешу мүмкіндігі де соншалықты жоғары болады.

Ағзадағы зат алмасу процестерінің бұзылуы
Көз ағының сарғаюы ағзадағы зат алмасу процестерінің бұзылуымен шақырылған болуы мүмкін. Жиі осы проблемаға әкелетін ауру түрлерін ұсынамыз:

Амилоидоз
Бұл түрлі органдар тіндерінде амилоид жиналып, ағзадағы ақуыздар алмасуының бұзылуына әкелетін жүйелі ауру. Ішкі органдардағы амилоид түзілімдері олардың қызметіне жағымсыз әсер етеді. Қанда тікелей емес билирубин деңгейі артып кететіндіктен көздің ағы сарғайып кетеді.

Гемохроматоз
Бұл туа біткен темір алмасуының бұзылуы. Ол тіндер мен органдарда едәуір жиналып қалатындықтан, бауыр қалыпты қызмет ете алмай қалады. Нәтижесінде, тері мен көздың ағы сарғыш реңкке боялады.

Ұйқының жетіспеуі
Ағзаға артық күш түссе де, көз шелінің түсі өзгереді. Созылмалы ұйқысыздық, дұрыс жарықтандырылмаған бөлмеде кітап оқу және компьютер алдында ұзақ отыру — көз саулығының негізгі жаулары.

Таза ауада біраз жүруге және жұмыс арасында үзілістер жасауға тырысыңыз. Ұйықтарға бір сағат қалғаннан бастап теледидар мен смартфон қарамау да көз шелінің сарғаюының және құрғақ көз синдромының алдын алады.

Дұрыс тамақтанбау
Егер тұзды тамақ, фастфуд және ащы тамақты көп жеуге үйренген болсаңыз, ерте ме кеш пе денсаулыққа қатысты проблемаларға жолығасыз. Оған түрлі көз аурулары да кіреді. Көз шелінің сарғаю мүмкіндігін барынша азайту үшін қуырылған, ащы және тұзды тамақты аз жеуге тырысыңыз. Дәрумендер мен минералдарға бай өнімдерді таңдаңыз.

Бауыр аурулары
Егер бауыр тікелей билирубинді бейтараптандыра алмаса, бұл заттың қандағы шоғыры уақыт өте арта береді. Бұл гепатитке — бауыр жасушалары уыттар, вирустар және паразиттермен зақымдалған кезде дамитын қауіпті ауруға әкелуі мүмкін. Бұл орган өз міндеттерін толық орындай алмағандықтан, тері мен көз түсі өзгере бастайды.

Цирроз — көз ағы сарғаятын тағы бір бауыр ауруы. Цирроздың себептері әртүрлі болады: ішімдікке салыну, дәрілерден улану, вирусты гепатит.

Бауырдың қатерлі ісігі кезінде де көз бен тері түсі сарғайып кетеді. Бұл аурудың пайда болуына пестицидтермен жиі байланыс және ауыр металдардың тұздарынан улану ықпал етеді.

Офтальмологиялық аурулар
Меланома, бітеу ісік, птеригиум және субконъюнктивті қан кету көз ағының сарғаюының себебі бола алады. Бұл аурулар жиі егде жастағы адамдарда кездеседі. Олардың пайда болуына ықпал ететін себептерге артериялық қысымның бірден көтерілуі, құрғақ көз синдромның асқынуы, ультракүлгін сәуленің және желдің әсері жатады.

Жаңа туылған нәрестенің сарғаюы
Егер жаңа туған нәресте көзі ағының сарғайғанын байқасаңыз, уайымдамаңыз. Бұл эритроциттердің толық ыдырауынан кейін екі апта шамасында кететін сарғаю белгісі. Нәрестенің сырт терісі туылғаннан кейін алғашқы 10-14 күн ішінде табиғи түске келеді.

Көз ағы сарғайып кетсе, не істеу керек?

Сау шелдің түсі — нәзік көгілдір реңкі бар ақ. Егер көздің ағы сарғайған секілді көрінсе, офтальмолог маманына қаралыңыз. Ол мұқият көзіңізді тексеріп, қажет болған жағдайда басқа дәрігерлерге жібереді. Жылдам қойылған диагноз бен уақытылы емделу қауіпті асқынулардың алдын алуға көмектесетінін ұмытпаңыз.

А. Жапатова