Көзге арналған жаттығуларды жасау көзілдірік тағатындарға ғана емес, көру қабілеті жақсы адамдарға да көмектеседі. Мариинск ауруханасының көз микрохирургиясы бөлімінің офтальмологы көру қабілетін қолдап, сондай-ақ көздің ісінуі мен шаршауын басуға көмектесетін 4 қарапайым жаттығуды көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Кеңседе ұзақ уақыт бойы монитор алдында отыру, көзге түсетін ауырпалықты күшейтеді. Сондықтан, көз қатты шаршамай, көру қабілетін сау жағдайда ұзақ сақтау үшін түрлі амалдар жасау керек. Оның бірі - қарапайым жаттығу.
"Перде" жаттығуы тіндердегі қан айналымын жеделдетуге көмектеседі. Көзіңізді 2 минут ішінде жылдам және жиі жыпылықтауыңыз керек, бірақ қабақтарыңызды қыспаңыз.
"Массаж" жаттығуы тіндердегі сұйықтықтың айналымын тездетеді және ісінумен күресуге көмектеседі. Әр қолдың үш саусағымен 2 көздің қабағын ақырын басыңыз, бірақ артық қысым жасамаңыз, жанасу тек бір секундқа созылуы керек. Массажды 5 рет қайталаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін басыңыз айналатын болса, тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Химиялық таңба және химиялық формула нені білдіреді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!