- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көзінде нұр ойнап,...
"Көзінде нұр ойнап, жарқырап шыға келді". Көше тазалайтын әйел таңғаларлықтай өзгерді
Желіде көше тазалайтын әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жоба 8 наурыз мерекесіне қарсы жасалған.
Видеода екі қыз әйелді алдымен киім дүкеніне апарып, оған киім, аяқкиім алып береді. Кейін салонға барып оған маникюр, макияж жасап, шаш үлгісін жаңартады. Салоннан шыққан соң, ұйымдастырушы топ әйелді мейрамханаға әкеліп, гүл шоғын сыйлайды. Кейін олар супермаркетке барып, әйелге азық-түлік сатып алып, үйіне жеткізіп тастайды.
Видео 95 мыңға жуық қаралым, 7 мыңнан аса лайк жинаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылар мұндай өзгеріске тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Осындай жандарға бақыт сыйлап, жақсылыққа жетелеп, үмітін жалғағандарыңа Алла разы болсын. Көзінде нұр ойнап, жарқырап шыға келді", "Өте әсерлі. Әр нәзік жан осындай жақсылыққа лайық", "Керемет жоба, көзіме расымен жас келді, шынында осындай ауыр қызметтегі адамдарды байқамаймыз ғой", "Көзіме еріксіз жас келді", - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін көше сыпырушысы және қайыр сұраған атаның адам танымастай өзгерген видеосын бөлісіп едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек