- Негізгі бет
- LifeStyle
- Көздегі қан тамырлар...
Көздегі қан тамырлар не үшін жарылып кетуі мүмкін?
Офтальмохирург Элина Санторо "News.ru"-ге көздегі қан тамырлар жоғары қан қысымынан, мысалы, гипертония кезінде жарылып кетуі мүмкін екенін айтты. Бұл кезде адамның көзінің іші қып-қызыл болып кетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, сондай-ақ қант диабеті кезінде де қан тамырлар жарылуы мүмкін.
Элина Сантороның айтуынша, қан тамырлардың жарылуына вирусты аурулар да себепші болады. Соның ішінде, грипп.
Келесі себеп - вирусты немесе бактериалды конъюнктивит.
Көзге зақым келгенде де қан құйылуы мүмкін.
"Мұндай қан құйылулар көзге ота жасағаннан кейін де пайда болатынын ұмытпау керек: катаракта хирургиясы, глаукомалар, көруді жақсарту мақсатында жасалатын лазерлі оталар", - дейді маман.
Оқи отырыңыз: Көз не үшін жасаурайды? Офтальмолог жиі кездесетін 7 себепті атады
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова