Қарағанды облысы Констенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің тізімі 3-4 күннен соң жариялануы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін қаза тапқан 6 кеншінің кім екенін анықтап жатырмыз. ДНҚ сараптамасын жүргізіледі. Осыдан кейін (қаза тапқан кеншілердің тізімі туралы - еск.) айтуға болады. Ол үшін 3-4 күн керек", - деді Сырым Шәріпханов Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!