• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қостанай облысында Мәслихат төрағасы мен депутат пара берді деген күдікке ілінді

Қостанай облысында Мәслихат төрағасы мен депутат пара берді деген күдікке ілінді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында Бейімбет Майлин аудандық мәслихаттың төрағасы және депутаты жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты соталды тергеуді аяқтады.

"Мәслихат төрағасы өзіне аффилирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттары талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Биыл 23 қаңтарда қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында шенеунік пен депутаттар 672 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget