- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор қызметі
Ақтөбе облысында шенеунік пен депутаттар 672 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты соталды тергеуді аяқтады. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді.
"Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден аса ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу шеңберінде 359 млн теңге сомасында материалдық залал өз еркімен ішінара өтелген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова