Желіде Алматының бірнеше ауданында бұралқы иттер өріп жүр деген ақпарат тарады. Тұрғындар бұған наразылық білдіріп жатыр. Massaget.kz тілшісі көше кезген иттерді көргенде қайда хабарлау керегін анықтады.
"Бұл мәселе бойынша тұрғындар +7708 595 6404 диспетчер нөміріне немесе 24 сағат жұмыс істейтін 109 нөміріне хабарласып, өтінішін қалдыра алады. Өтініш 5 күнде қаралады. Иттер Спасская 150/1 көшесінде орналасқан уақытша ұстау пунктіне жеткізіледі. Сол жерде ветеринарлар иттерді қабылдап, агрессияға тексереді, оларға екпе егеді. Бұдан басқа, біздің арнайы Instagram-парақшамыз бар. Сонда жоғалған иттердің қай жерде табылғанын көрсетіп саламыз. Қожайындары кез келген уақытта хабарласып, оларды алып кете алады", - деді Алматы "Қалалық ветеринария қызметінің" өкілі.
Ведомство мәліметінше, Алматының кез келген тұрғыны ветеринария қызметінің Сall-орталығына мына нөмір бойынша +7 7085956401, + 7 708595 6402, +7 7273396843 хабарласып, үй жануарларын чиптей алады.
Сондай-ақ, жоғалған жануарларды сайт арқылы табуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы іргесіндегі Абай ауылы мен Көкөзек кентінде иесіз ит өріп жүргені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!